Елімізде балалар құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылып жатыр
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз эту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президенттің Ұлттық құрылтайда берген тапсырмалары аясында балалардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған нақты шаралар қабылданып, олардың құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды.
Атап айтқанда, Президенттің бастамасы бойынша балалардың құқықтарын қорғау, білім беру сапасын арттыру, денсаулығын сақтау, әлеуметтік қолдау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында елеулі іргелі реформаалар мен заңдар қабылданып, жүзеге асырылуда.
«2025 жылғы статистика мәліметтері бойынша елімізде 7 миллионға жуық бала (6 902 492 адам) бар, бұл жалпы халықтың 34 пайызын құрайды. Соңғы 10 жылда тұрақты демографиилық даму негізінде балалар саны 1,5 миллионға артты», – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Сондай-ақ Президенттің бастамасымен «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50 пайызы 18 жасқа дейінгі барлық балалардың шоттарына түседі. Түскен қаражат оқу ақысын төлеуге және тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының жұмысы аясында 120-ға жуық әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.
Бастауш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріледі. 1-11 сынып оқушылары тегін оқулықтармен қамтамасыз етілген.
Бұдан басқа, көмектің 49 түрін қамтитын әлеуметтік қолдау жүйесі жүзеге асырылуда. Жалпыға бірдей білім беру қоры арқылы 25 миллиард теңгеге көмек көрсетілді.
Бүгінгі таңда балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған 10 негізгі заң қабылданды», - деді Оқу-ағарту министрі.
Бұған дейін Қазақстанда нәресте өлімі екі жылда 13 пайызға төмендегенін жазған едік.