Елімізде алғаш рет спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогы өтеді
26 тамыз, 2025
фото: Спортты дамыту дирекциясы
2025 жылғы 29-31 тамыз күндері Алматыда спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогы өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, құрлықтық бәсекеге 10-нан астам елдің спортшылары бақ сынайды. Байрақты бәсеке «Шабыт» жазғы амфитеатрының маңайында өткізіледі.
Турнирге Қазақстан, Қытай (Гонконг), Үндістан, Иран, Жапония, Сингапур және Корея Республикасының ұлттық құрамалары қатысады.
Алматыға әлемдік рейтингтің алдыңғы қатарында тұрған Азияның ең үздік құзға өрмелеушілері жиналады. Үш күн бойы спортшылар екі бағдарлама бойынша күш сынасатын болады. Олар – «жылдамдық» және «қиындық» жаттығулары.
Өтетін орны: «Шабыт» жазғы амфитеатры (Алматы қ., Гоголь көшесі, 1е).
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 12:51
Жекешелік серіктестіктің алғашқы нысаны: Атырауда 400 орындық спорттық-білім беру кешені салынады
Бүгін, 10:39
Қазақстандық гимнаст әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді
12 сәуір, 2026
Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Ташкенттегі Әлем кубогында күміс медаль алды
10 сәуір, 2026
Елордада бестемшеден өңірлік жарыс өтті