Қазақстанда 17 мың шақырым электр желісін жаңғырту толық аяқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәлімдеуінше, күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында елімізде электр желілеріне күрделі жөндеу бойынша жоспарланған жұмыс орындалды.
Биыл 17,1 мың шақырым электр беру желісі, 444 қосалқы станция және 3,4 мыңнан астам тарату және трансформаторлық пункт жөнделді.
Еліміздің барлық өңірінде жүргізілген жұмыс тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Ауқымды жөндеу жұмысы Ақмола облысында іске асырылды. Өңірде 2,6 мың шақырымнан астам электр беру желісі, 49 қосалқы станция және 555 тарату және трансформаторлық пункті жөнделді.
Павлодар облысында 2 444 шақырым электр беру желісіне, 52 қосалқы станцияға және 609 тарату және трансформаторлық пунктке күрделі жөндеу жүргізілді.
Жамбыл облысында 1,8 мың шақырымнан астам электр беру желісі, 63 қосалқы станция және 316 тарату және трансформаторлық пункт жөндеуден өтті.
Еске сала кетсеке, елімізде электр энергиясын сатып алу және сату қызметтерінің бағасы өсуі мүмкін.