Электр энергиясын сатып алу және сату қызметтерінің бағасы өсуі мүмкін

Электр энергиясын сатып алу және сату қызметтерінің бағасы өсуі мүмкін
Фото: Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Қазақстанда электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қызметтерінің бағасын көтеру мәселесі талқыланды. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті жария тыңдау өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жария тыңдауда «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-нің қолданыстағы шекті бағалардан жоғары баға белгілеу туралы ұсынысы қаралды.

Атап айтқанда, ұсыныс электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату, сондай-ақ электр қуатының әзірлігін қолдау қызметтерін орталықтандырылған сатып алу және сату қызметтерін жүзеге асыруға байланысты шығындарға қатысты.

Тыңдау барысында компания өкілдері бағаны көтеру ұсынысының негізгі параметрлерін таныстырды. Талқылауға Табиғи монополияларды реттеу комитетінің, компанияның, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатысты.

Қатысушылар ұсынылған материалдар бойынша сұрақтар қойып, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Комитет мәлімделген шығындардың экономикалық негізділігін және заңнама талаптарына сәйкестігін тексеруді жалғастырады.

«Бағаны көтеру туралы түпкілікті шешім әзірге қабылданған жоқ. Ол жария тыңдауға қатысушылардың пікірлері ескеріле отырып, заңнамада белгіленген мерзімде қабылданады», – делінген хабарламада.

Бұған дейін әуе компаниясы үш күн бойы билеттерге 20% жеңілдік ұсынатынын хабарладық.