Үкімет отырысында 2026 жылдың тоғыз айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық өсу және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударып отырғанын атап өтті.
«Мемлекет басшысы Үкіметке экономиканың орнықты әрі сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін барынша белсенді жұмыс істеуді тапсырды», - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Жиында қаржы-экономикалық блокқа қарасты министрліктердің басшылары баяндама жасады. Биылғы қаңтар-қыркүйек айларының қорытындылары бойынша ЖІӨ өсімі 4,2%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік қызметтерінде дамудың ең жоғары қарқынын көрсетуде, сондай-ақ сауда, ауыл шаруашылығы және байланыс саласында оң динамика қалыптасып отыр.