Елдегі көліктер саны 6 миллионға жуықтады

Бүгін, 18:06
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елдегі көліктер саны 6 миллионға жуықтады
Фото: freepik.com

2026 жылдың наурыз айында Қазақстанда 170 мың автокөлік тіркелді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Өткен айда қайта тіркеуден өткен көліктердің басым бөлігі – 10 жылдан асқан автомобильдер (63%). Ал 3 жылға дейінгі жаңа көліктердің үлесі 24%-ды құрады.

1 сәуірдегі мәліметке сәйкес, елдегі тіркелген автокөліктер саны 5 955,8 мың бірлікті құрады. Оның ішінде 83,9%-ы – жеңіл автокөліктер. Жүк көліктерінің үлесі 8,2%, тіркемелер – 4,4%, автобустар – 1,5%, мотоциклдер – 1,2%, ал қалған 0,8%-ы басқа көлік түрлеріне тиесілі.

Отын түріне келсек, автокөліктердің 80%-ы бензинмен жүреді. Сонымен қатар, 6,6% – аралас отын қолданады, 7,6% – дизельмен қозғалады, ал 0,4%-ында газ баллоны орнатылған. Электр қуатымен жүретін көліктер саны 31 100-ге жетіп, жалпы көрсеткіштің 0,5%-ын құрады.

Еске салсақ, Астанада 17 жастағы жасөспірім көлікпен мектеп аумағына заңсыз кіріп кеткен