Жасөспірім көлігімен мектеп аумағына кірген: Жанжалға қатысы барлар жазаланды

Жасөспірім көлігімен мектеп аумағына кірген: Жанжалға қатысы барлар жазаланды
Фото: polisia.kz

Астанада мектеп аумағында болған жанжалға қатысы барлардың барлығы жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 17 жастағы жасөспірім көлікпен оқу орнының аумағына заңсыз кірген. Ол ескертуге агрессивті түрде жауап беріп, салдарынан жанжал шыққан. 

«Тексеру нәтижесі бойынша оқиғаға қатысқан барлық тұлға жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен кәмелетке толмаған жасөспірім мен мектеп қызметкері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жазаланды. Сонымен қатар автокөлік жүргізушісі жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада. 

Қазір жасөспірімнің ата-анасын да бала тәрбиесіне қатысты міндетін жеткілікті орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Материалдар шара қабылдау үшін олардың тұрғылықты жеріне жолданды.

Еске сала кетсек, елордада оқушыларға жолдағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.