ДСМ медициналық зерттеу және биоматериалдарға қатысты құжаттарын өзгертті
Денсаулық сақтау министрлігінің биомедициналық және клиникаға дейінгі зерттеулерді, сондай-ақ биобанктердің қызметін реттейтін нормативтік құжаттарға бірқатар маңызды өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Жоғары аудиторлық палатаға сілтеме жасап.
Жоғары аудиторлық палата өткен жылы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында тиімділік аудитін жүргізді. Аудит қорытындысы бойынша пысықтауды талап ететін бағыттар анықталды. Осыған байланысты министрлікке бірнеше негізгі нормативтік құжатқа өзгерістер енгізу тапсырылды.
Нәтижесінде Денсаулық сақтау министрлігі қажетті өзгерістер енгізді:
Биомедициналық зерттеулер қағидаларына тіркеу, есепке алу және мониторингтеу механизмі қосылды, сондай-ақ клиникалық зерттеу қағидаларымен қиылысатын нормалар алып тасталды;
Биобанктер қызметінің қағидаларына биологиялық материалдарды сақтау тәртібіне арналған жаңа тарау қосылды;
Клиникаға дейінгі зерттеулер қағидаларына оларды есепке алу тәртібін белгілейтін түзетулер енгізілді.
Еске сала кетсек, Үкімет жеке медициналық ұйымдарды қаржыландыруда көптеген заңбұзушылықты анықтады.