Бүгін, 22 шілдеде Димаш Құдайбергеннің Астанада өтетін STRANGER атты жеке концертіне билеттер сатылымға шығады. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
«Ticketon.kz» сайты арқылы ала аласыздар.Билеттерді сатып алу:* 22 шілде Астана уақытымен 14:00-де басталады», - делінген жазбада.
Концерт 13 қыркүйекте, «Астана Арена» стадионында өтеді.