Димаш Мемлекет басшысының тазысы мен тұлпарының ерекше кадрларымен бөлісті

Димаш Мемлекет басшысының тазысы мен тұлпарының ерекше кадрларымен бөлісті
Фото: Димаш Құдайбергеннің жеке мұрағаты

Танымал әнші Димаш Құдайберген желідегі парақшасында өзіне Президент тазы сыйлағанын жазды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Бүгін - қазақ тазысы күні. Сіздермен бірегей кадрлармен бөліскім келеді.

Бірінші суретте - бәріміз жақсы көретін тұлпар Ақжанның әкесімен бірге түскен сәтім. Мемлекет басшысының тұлпарымен серуендеп қайту мен үшін үлкен мәртебе болды. 

Ал екінші суретте менің қасымда Мемлекет басшысының Нэнси және Наурыз атты тазылары
Менің тазымен ерекше оқиғам бар. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы маған тазы сыйлаған болатын. Мен оған Ғарышкер деп ат қойдым.

Осы бірегей кадрлар үшін Президент Телерадиокешеніне алғыс айтамын», - деп жазды Димаш Құдайберген.

Еске салсақ, бүгін алғаш рет елімізде Қазақ тазысы күні аталып өтіп жатыр