ДДҰ маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцинаны мақұлдады
16 қыркүйек, 2024
Фото: freepik
Даниялық өндіруші Bavarian Nordic A/S компаниясы маймыл шешегіне қарсы MVA-BN вакцинасын жасап шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталмыш вакцинаны мақұлдап, маймыл шешегіне қарсы алғашқы ем деп атады.
MVA-BN вакцинасын 18 жастан асқандар араға 1 ай салып, екі дозада инъекция түрінде алуына болады.
Бұл вакцина аурудың таралуын тежеп, алдын алады, - дейді.
Бұған дейін ДДҰ Африкадағы маймыл шешегінің індетін халықаралық маңызы бар қоғамдық денсаулық эпидемиологиялық төтенше жағдай деп жариялады.
Ұқсас жаңалықтар
12 қыркүйек, 2026
Министр өз шешімін жариялады: қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім берді
11 қыркүйек, 2026
Астанада бір донор үш адамның өміріне үміт сыйлады
11 қыркүйек, 2026
Маңғыстауда 16 күндік нәрестеге күрделі ота жасалды
11 қыркүйек, 2026
Елімізде 10 мыңнан астам жүргізушінің куәлігін қолдану тоқтатылды