Цифрландыру: ҚТЖ және Astana IT University маман дайындаудағы әріптестікті нығайтып жатыр

Бүгін, 09:59
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Цифрландыру: ҚТЖ және Astana IT University маман дайындаудағы әріптестікті нығайтып жатыр
Фото: ҚТЖ

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және Astana IT University цифрландыру және жаңа буын мамандарын даярлау саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында компания мен университет өкілдері теміржол саласының нақты міндеттеріне бағдарланған бірлескен білім беру және инновациялық жобаларды дамытуды талқылады.

ҚТЖ қызметтің негізгі бағыттары мен жас мамандарды іріктеу тәсілдерін ұсынды, сондай-ақ деректермен, цифрлық модельдермен және зияткерлік жүйелермен жұмыс істеуге қабілетті IT-кадрларға қажеттілікті белгіледі.

Тәжірибеге бағытталған оқытуға ерекше назар аударылды: оқу процесіне өндірістік кейстерді интеграциялау, дуальды білім беруді дамыту және т. б.

Сапар аясында ҚТЖ делегациясы университеттің зертханалық және зерттеу инфрақұрылымымен танысты, ал студенттер Smart-технологиялар және киберқауіпсіздік саласындағы өз әзірлемелерін ұсынды.

Ынтымақтастық туралы меморандумды іс жүзінде толықтыру ерекше назарда болды. Басымдықтар қатарында бірлескен хакатондар өткізу, ҚТЖ-ның нақты кейстері негізінде дипломдық жобаларды дайындау және цифрлық шешімдерді, соның ішінде цифрлық баламаларды әзірлеу бар.