Былтыр ерекше қажеттіліктері бар 8 мыңға жуық адам баспанамен қамтамасыз етілді

Бүгін, 11:25
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Былтыр ерекше қажеттіліктері бар 8 мыңға жуық адам баспанамен қамтамасыз етілді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Жалға берілетін тұрғын үй алған азаматтардың арасында I және II топтағы мүгедектігі бар 1 036 адам, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған 469 отбасы бар екені атап өтілді.

«Биыл ерекше қажеттіліктері бар 810 адамға және 843 отбасына жалға берілетін тұрғын үй берілді. Жүргізіліп жатқан тұрғын үй реформасы аясында жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіру құқығы берілген. Өткен жылы I және II топтағы мүгедектігі бар 4 386 адам коммуналдық тұрғын үйді жекешелендірді», - деп атап өтті спикер.

Ол сондай-ақ жергілікті бюджет жеңілдетілген ипотека бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға көмектесетін тұрғын үй сертификаттарын беретінін айтты.

Мәселен, өткен жылы 2 млрд теңге көлемінде 1,7 мыңнан астам тұрғын үй сертификаты берілді. Оның ішінде I және II топтағы мүгедектігі бар 334 адамға 261 сертификат ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар үшін жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үй жалдағаны үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау тетігі жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта мұндай қолдауды 10 344 отбасы, оның ішінде I және II топтағы мүгедектігі бар 870 адам және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған 698 отбасы алады.

Еске сала кетейік, пойыздарда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған арнайы вагондар енгізіледі.