Былтыр 336,6 млрд цифрлық теңге шығарылды

Былтыр 336,6 млрд цифрлық теңге шығарылды
Фотоиллюстрация: Gemini AI

Ұлттық төлем корпорациясы мен ҚР Ұлттық банкі 2025 жылғы «Цифрлық теңге» жобасы туралы қорытынды баяндаманы жариялады. Онда цифрлық теңгені енгізу нәтижелері көрсетілген, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазақстанның ұлттық төлем корпорациясына сілтеме жасап.

Корпорацияның мәлімдеуінше, 2025 жылы цифрлық теңгені пайдалануды кеңейту және платформаны қолданыстағы қаржы және мемлекеттік инфрақұрылымға ықпалдастыру жүзеге асырылды.  

«Негізгі бағыттың бірі – мемлекеттің қатысуымен жүргізілетін төлемдерде цифрлық теңге қолданылуы болды. Платформа инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруды, мемлекеттік сатып алуды іске асыруды, кәсіпкерлікті қолдауды және басқа да бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды қоса алғанда, түрлі сценарийде бюджет қаражатын мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету үшін пайдаланылды», делінген хабарламада. 

Платформада 336,6 млрд цифрлық теңге шығарылып, мыңнан астам транзакция жүргізілді. 
Жүргізілген жұмыстар цифрлық теңге платформасын дамудың келесі кезеңіне — өнеркәсіптік пайдалануға көшуге дайындауға мүмкіндік берді.