Бурабай курорты аумағында экологиялық туристік бағыттар ашылды

Бүгін, 21:01
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Бурабай курорты аумағында экологиялық туристік бағыттар ашылды
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Туризм индустриясы комитеті Бурабай курорты аумағындағы экологиялық туристік бағыттарды – өңірдің негізгі табиғи және ландшафтық нысандарын қамтитын жаяу, автобус, велосипед, атпен және су көлігімен жүретін жүйеленген бағыттар желісін ұсынады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Бағыттар тұрақты туризм қағидаттарына сәйкес әзірленіп, табиғи мұраны насихаттауға, экологиялық ағартуға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Әр бағыттың ұзақтығы мен жүріп өту уақыты нақты көрсетілген, сондықтан келушілер қысқа серуеннен бастап, мазмұнды әрі ұзақ танымдық сапарға дейін өздеріне ыңғайлы нұсқаны таңдай алады», - делінген хабарламада. 

Курорттағы экосоқпақтар бірегей табиғи аумақтарға қауіпсіз әрі ыңғайлы жетуге мүмкіндік беріп, ішкі туризмді дамытуға, өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Бағыттардың толық сипаттамасы, келу ережелері және өзекті ақпаратты «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ресми парақшасынан табуға болады.

Еске салайық, бұған дейін елімізде туризм саласына салынған инвестиция көлемі 33% артқаны туралы хабарладық.