10.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Биыл 150-ден астам колледж студенті шетелде білім алды

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Биыл 150-ден астам колледж студенті шетелде білім алды

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Қазақстан колледждері халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты белсенді дамытып келеді. 2025 жылы шетелде еліміздің 10 колледжінен 150-ден астам студент білім алып, тәжірибеден өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Бағдарламалар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін 2025-2027 жылдарға трансформациялау жөніндегі Жол картасы және Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жүзеге асырылуда.

Негізгі мақсат – тәжірибе алмасу, заманауи технологияларды меңгеру және болашақ мамандардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

«Қазақстандық студенттер тамақтану, сервис, IT, энергетика, инжиниринг, дизайн және автомеханика бағыттары бойынша Түркия, Қытай, Қырғызстан, Франция, Испания, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Ұлыбритания, Германия және Швейцария елдерінде қысқамерзімді курстардан, тәжірибеден және тағылымдамадан өтті», - дейді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Айта кетейік, академиялық ұтқырлық Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастыру жолындағы маңызды қадам.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗