Бірыңғай туристік маршрут әзірлеу, виза рәсімдерін жеңілдету – Президент туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады

Бірыңғай туристік маршрут әзірлеу, виза рәсімдерін жеңілдету – Президент туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады
Фото: Ақорда

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия - Жапония» диалогының бірінші саммитінде сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Орталық Азия елдерінің тарихы мен мәдени мұрасы бай, табиғаты әсем.

Бұл жапон туристерін қызықтырары сөзсіз. Қазақстан Жапониямен туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті.

Жапониялық туристер үшін Орта Азияның бірыңғай туристік маршрутын әзірлеген жөн деп есептеймін. Сондай-ақ Орталық Азия елдерінің халқына визалық рәсімдерді жеңілдеткен дұрыс.

Бұл жапондық туристердің бір сапарда бірнеше елді аралап шығуына мүмкіндік береді. Ал біздің азаматтарымыз Күншығыс елімен етене таныса алады.

Жапонияны Осака қаласында ЭКСПО 2025 көрмесін табысты өткізуімен тағы да құттықтаймын.

«Көрме тақырыбын жан-жақты көрсету» номинациясы бойынша алтын жүлде иеленгендеріңізге қуаныштымыз», - деді Президент. 

Еске салайық, бұдан бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Орталық Азия - Жапония» диалогының бірінші саммитінде сөз сөйлегені туралы хабарладық.