Білім, инновация, мәдениетке инвестиция құюымыз керек - Айдарбек Қожаназаров

Бүгін, 13:23
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Білім, инновация, мәдениетке инвестиция құюымыз керек - Айдарбек Қожаназаров
Фото: Qazaqstan.tv

Бұл туралы «Референдум–2026» онлайн-марафонында ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Айдарбек Қожаназаров айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап. 

«Ата заңымызда білім, инновация, мәдениетімізді алға шығарсақ, экономикалық жағдайымыз да жақсарады. Біз зияткер ұлтқа айналуымыз қажет. Ол үшін осы салаларға инвестиция құюымыз керек. Бұл мақсат Ата заң деңгейінде бекітілгеннен кейін мемлекеттік органдар мен ұйымдар да бұған ерекше басымдық бере бастайды», - дейді Айдарбек Қожаназаров.

Еске салайық, бұған дейін «Референдум-2026» онлайн-марафоны басталғаны туралы хабарладық.