Референдум-2026

Бектенов металлургияны дамытудың жаңа тетіктерін әзірлеуді тапсырды

Бүгін, 11:37
Думан Аманжол Думан Аманжол
Бектенов металлургияны дамытудың жаңа тетіктерін әзірлеуді тапсырды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне бір ай ішінде металлургия саласын дамытудың жаңа ынталандыру тетіктерін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызмптіне сілтеме жасап.

«Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бір ай ішінде металлургия саласын ынталандырудың қосымша тетіктерін әзірлесін. Түсті металлургияда министрлік “Тау-Кен Самұрық” компаниясымен бірлесіп, отандық кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын толық жүктеуді, оның ішінде импорттық алтынды ел ішінде аффинаждау үшін жеткізуді қамтамасыз етсін. Қара металлургияда Qarmet компаниясын жаңғырту бағдарламасы аясында ішкі және сыртқы нарықтарда барынша сұранысқа ие өнім түрлерінің тізбесін кеңейтсін», — деп тапсырды Олжас Бектенов.

Еске салсақ, Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.