Бақыт Нұрмұханов: Волонтерлік қызмет Конституция деңгейінде бекітіледі
9 ақпан, 2026
Фото: Конституциялық Сот
Бұл туралы бүгінгі Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Конституция жобасына жаңа нормалар қосымша қарастырылды. Комиссия қарауына волонтерлік қызметті Конституция деңгейінде бекіту туралы ұсыныс түсті. «Волонтерлік қызмет туралы» заңды және азаматтардың ақысыз, ерікті көмегінің мұқтаж адамдарға қажеттігін, қоршаған ортадағы маңызын ескере отырып, бұл ұсыныс қолдау тапты. Жобаның 31-бабының 2-тармағына «Қазақстан Республикасында ерікті әлеуметтік сақтандыру, өзге де әлеуметтік қамсыздандыру түрлері волонтерлік қызмет пен қайырымдылық қолдау табады» деген толықтыру енгізілді», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
10 шілде, 2026
Елімізде балық жемін шығаратын зауыттың құрылысы басталды
10 шілде, 2026
Тұрғын үй нарығы жанданды: Бір айдағы мәмілелер саны 28,4 пайызға артты
10 шілде, 2026
Қарулы Күштер туралы жалған ақпарат таратқан азаматқа айыппұл салынды
10 шілде, 2026
Қазақстан мен Германия су ресурстары саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді