Қазақстанда несиелердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат рас па - агенттік
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі несиелердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздерін пайдалануларыңызды сұраймыз, сондай-ақ әртүрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз.
Еске саламыз, Қазақстан Республикасының заңнамасында жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік көзделген», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда елде қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасауының бірыңғай тетігі қолданыста.
Тетіктің жұмысы туралы толығырақ ақпарат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында қолжетімді.
Еске салайық, бұдан бұрын несиені ресімдеу алдында нені білу маңызды екені туралы жаздық.