Астана әкімдігі мен қалалық прокуратураның бірлесіп ұйымдастыруымен «Бала көзімен – заң мен тәртіп» атты қалалық сурет байқауы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Балаларға заңды сақтаудың маңызын шығармашылық арқылы түсіндіру мақсатында өткен байқауға елорда мектептерінің 5-7 сынып оқушылары қатысты.

Қазылар алқасының құрамында Астана қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубы педагогттері мен мемлекеттік органдардың өкілдері болды. Олар жұмыстарды көркемдік орындалуы мен тақырыпты ашуына қарай бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша 22 үздік жұмыс анықталып, қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Мамандардың сөзінше, балаларға заңды құрметтеудің маңыздылығы мен құндылығы туралы айтудың ең тиімді жолы – шығармашылық.
Алдағы уақытта үздік суреттер қаланың қоғамдық кеңістіктерінде өтетін көрмелерде қойылмақ.
