Байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатына баратын спортшылар белгілі болды

Бүгін, 21:02
Думан Аманжол Думан Аманжол
Байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатына баратын спортшылар белгілі болды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитеті

Байдарка мен каноэде ескек есуден Түркістанда өтетін жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын ел құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

3-7 маусым аралығында өтетін сары құрлық додасында өнер көрсететін ұлттық құраманың тізімі анықталды. 

Байдаркада ескек есу: Дінмұхамед Шынқожаев, Дмитрий Холмогоров, Егор Краснонос, Денис Кленин, Михаил Затолокка, Дмитрий Ладюков, Эдуард Ярлыков, Глеб Ударцев, Анатолий Русаков, Евгений Русаков және Стелла Суханова.

Каноэде ескек есу: Сұлтан Шарапиев, Полат Төребеков, Владислав Руденко, Юрий Горобов, Татьяна Гладкова, Валентина Трапезникова, Елизавета Масякина, Мария Бровкова, Мария Карманова, Ульяна Киселёва және Руфина Искакова.

Айта кетейік, Азия чемпионатында U18 санатындағы спортшылар да бақ сынайды.

Еске салсақ, Астанадағы халықаралық турнирлерде қазақстандық шабандоздар 14 медаль жеңіп алды.