Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті тіркелді
2026 жылғы 2 тамызда сағат 14:10-да Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Жасыбай орманшылығының 17-орамында орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта өртті сөндіруге Баянауыл МҰТП-ның 21 қызметкері мен 2 өрт сөндіру автокөлігі, сондай-ақ ТЖД-ның 3 қызметкері жұмылдырылды.
«Қосымша күш ретінде оқиға орнына Баянауыл МҰТП-ның 5 бірлік техникасы мен 18 қызметкері жіберілуде. Сонымен қатар, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Павлодар қаласынан Ми-8 тікұшағы өрт орнына ұшуға дайындалуда», - делінген хабарламада.
Жағдай Экология және табиғи ресурстар министрлігінің тұрақты бақылауында.
Еске салайық, бұған дейін елімізде «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылғаны туралы жаздық.