Бұқтырма су қоймасында екі бала құтқарылды
6 маусым, 2025
фото: ТЖМ
ШҚО Алтай ауданы Бұқтырма су қоймасында кәмелетке толмағандардың қатысуымен оқиға орын алды. SUP-бордта сырғанау кезінде екі баланы қатты жел мен ағыс жағадан алып кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ТЖМ мәліметінше, балалардың ата-аналары құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жедел шықты.
Құтқарушылар балаларды моторлы қайықтың көмегімен аман-есен жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Тексерістен кейін балалар ата-аналарына берілді.
Ұқсас жаңалықтар
13 қыркүйек, 2026
Астанада салынып жатқан бес қабатты үйден өрт шықты
12 қыркүйек, 2026
Астанада 15-қабаттан секірген әйел арбадағы жатқан баланың үстіне түсті
10 қыркүйек, 2026
Астаналық құтқарушылар газ баллондарының жарылуына жол бермеді – ВИДЕО
8 қыркүйек, 2026
Ақмола облысында аң аулау кезінде 64 жастағы ер адам қаза тапты