Қазақстан азаматтары әлемнің біраз еліне визасыз бара алады. ҚР азаматтары визасыз бара алатын елдер тізімін Elordainfo.kz тілшісі назарыңызға ұсынады.
Ұлттық төлқұжатпен 30 күнге күнге дейін визасыз баруға болатын елдер:
Әзербайжан, Беларусь, Вьетнам, Катар, Қытай, Корея, Куба, Қырғызстан, Мальдивы, Марокко, Никарагуа, БАӘ, Сербия, Сейшелы, Таиланд, ал Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Эквадор, Малайзия, Оман, Филиппин, Тунис, Барбадоста 28 күнге дейін визасыз жүре аласыз.
Ұлттық төлқұжатпен 90 күнге күнге дейін визасыз баруға болатын елдер:
Албания, Андорра, Аргентина, Бразилия, Грузия, Молдова, Моңғолия, Сан Марино, Сент-Китс и Невис, Түркия, Колумбия.
Ал Гонконгке (ҚХР), Макаоға (ҚХР), Иранға 14 күнге дейін визасыз баруға болса, Доминиканаға 180 күн ішінде 60 күнге дейін визасыз саяхаттауға, сондай-ақ Сент-Винсент пен Гренадины елінде 180 күнге дейін визасыз жүруге болады.
Шетелге шығатын болсаңыз, визасыз баратын елдердің тізімін тексеруді ұмытпаңыз!