11.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстан мен Қытай су ресурстарын бірлесіп дамытатын болады

|
Photo: Фото: instagram.com/tzeinulkabden
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстан мен Қытай су ресурстарын бірлесіп дамытатын болады

|
Photo: Фото: instagram.com/tzeinulkabden

Қазақстандық Су ассоциациясы мен Қытайдың BEWG Oversea Development Limited (BEWG) компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

«Құжат су ресурстарын тиімді басқару, озық технологияларды енгізу, ұлттық және өңірлік жобалар аясында сумен жабдықтау инфрақұрылымын жақсартуға жәрдемдесу, тәжірибе алмасу және мамандардың біліктілігін арттыру бағыттарын қамтиды», - деп жазды Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден.

Гонконгтан келген компания директоры және «Астана Су Арнасы» басшылығымен өткен кездесуде КОС-2 тазарту құрылыстарын салу жобасының техникалық ерекшеліктері жан-жақты талқыланды.

Айта кетейік, BEWG – Қытай Халық Республикасындағы су шаруашылығы саласындағы жетекші компаниялардың бірі.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗