Сауданы дамыту және тауар айналымын арттыру экономикалық өсудің маңызды бағыттары болып қала береді. Өңірлік жол карталары бекітілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Премьер-министр Олжас Бектенов оларды сапалы жүзеге асыру және тауар айналымын арттыру бойынша белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу қажеттігін атап өтті.
«Сауда базарларын цифрландыру мәселесіне айрықша назар аудару қажет. Бүгінде елімізде 600-ге тарта базар жұмыс істейді. Олар микро және шағын бизнес үшін аса маңызды инфрақұрылым болып табылады. Цифрландыру кәсіпкерлік қызметті заңдастырып, салық базасын ұлғайту мақсатында базарлардың жұмысын айқын көруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сауда министрлігіне Жасанды интеллект министрлігімен және «Атамекен» палатасымен бірлесіп, цифрландыру үдерісін жеделдетіп, тиісті ақпараттық жүйе құру тапсырылды.
Еске сала кетейік, Қазақстанда жылдық инфляция 9,3 пайызға дейін баяулады.