Ауыл шаруашылығы министрлігі жерлерді қайта бөлу жоспарын әзірледі

Бүгін, 16:39
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Ауыл шаруашылығы министрлігі жерлерді қайта бөлу жоспарын әзірледі
Фото: freepik.com

Аталған жоспар қайта айналымға енгізілмеген аумақтарды қамти отырып, оларды экономикалық айналымға жедел тартуды көздейді, деп хабарлады Elordainfo.kz Орталық Коммуникациялар Қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарға жерлерді қайта бөлу кезінде жергілікті халықтың жайылымдық қажеттіліктерін ескеру туралы нақты нұсқау берілді.

«2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қайтарылған 8,5 млн гектар жер қайта бөлінді, оның ішінде, 2,8 млн гектар жергілікті халықтың мал жаюы үшін ортақ пайдалануға берілді, 5,7 млн гектар конкурстық негізде ауыл шаруашылығы өндірісі субъектілеріне табысталды. Бұл ретте 2026 жылдың ортасына дейін қалған 5,1 млн гектар жерді тұрақты айналымға тарту жоспарда бар», - деді ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Жерлерді қайтару және халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасады.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы жерін алу рәсімдері жеңілдетілгенін жаздық.