Australian Open: қазақстандық теннисші жартылай финалға шықты

Бүгін, 16:02
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Australian Open: қазақстандық теннисші жартылай финалға шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Елена Рыбакина ширек финалда әлемнің 2-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекке қарсы ойнады.

Азулы қарсыластар осыған дейін өзара 11 рет кездесіп, соның алтауында Швентек жеңген еді.

Бұл жолы теннисшілер ойынды брейк алмасумен бастады. Дегенмен есеп 6:5 болған мезетте Рыбакина брейк жасай білді – 7:5. Екінші сетте Елена бірден алға кетті – 2:0. Содан кейін бет қаратпай, матчты эйспен түйіндеді – 6:1.

Бір сағат 35 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 11 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. 

Айта кетейік, Елена Рыбакина финалға шығу үшін америкалықтар, әлемнің 4-ракеткасы Аманда Анисимова немесе рейтингіде 6-орындағы Джессика Пегуланың жеңгенімен ойнайды.