Атыраудағы базарлардың бірінен өрт шықты

Бүгін, 08:53
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Атыраудағы базарлардың бірінен өрт шықты
Фото: ТЖМ

Атырау қаласындағы Бейбарыс даңғылы бойында орналасқан базарлардың бірінде киім сататын бутиктер өртенді, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға туралы хабарлама түскен соң, ТЖМ бөлімшелері дереу оқиға орнына жетті. Олар барған кезде контейнер түріндегі бутиктер ашық жалынмен жанып жатқан және өрттің көрші сауда орындарына таралу қаупі болған.

— Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалын басқа бутиктерге өтпей, өрт қысқа уақытта сөндірілді.

Жалпы өрт 500 шаршы метр аумақты қамтыды. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, 4 учаске бойынша жұмыс жүргізілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, — делінген хабарламада.