Ата Заңымыз біртұтас, заманауи Конституцияға көшіп жатыр – Мәслихат депутаты

Ата Заңымыз біртұтас, заманауи Конституцияға көшіп жатыр – Мәслихат депутаты
Фото: facebook.com/david.loria.39

Астана қаласы мәслихатының депутаты Давид Лория жаңа Конституцияға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Біздің еліміз ауқымды өзгерістердің алдында тұр. Конституцияның жаңа редакциясының жобасы – бұл елдің негізгі заңының тереңінен жаңаруы. Құжат жабық кабинеттерде әзірленген жоқ. Ол азаматтардың, саяси партиялардың, сарапшылар мен қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарына негізделген. Нәтижесінде Конституция мәтінінің 84% жаңартылды.

Жаңа редакция кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады, онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, сот төрелігі, мемлекеттік басқару принциптері және қоғамның шешім қабылдауға қатысуы нақты бекітілген», - деп жазды Давид Лория Facebook-тегі парақшасында.

Мәслихат депутаты Ата заңымыздың қоғамның нақты сұраныстарына жауап беретін біртұтас, заманауи Конституцияға көшіп жатқанын атап өтті.

«Жобада «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» жаңа бөлімдер пайда болды, сонымен қатар құжаттың логикалық, нақты әрі түсінікті болуы үшін бірқатар бөлім нақтыланып, өзгертілді», - деді ол.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақтың Конституция жобасы БҰҰ қағидаттарына сәйкес келетінін айтқанын жаздық.