Астананың Орталық саябағында профилактикалық рейд өтті
Астананың Орталық саябағында Нұра ауданының әкімдігі аудандық полиция басқармасы және ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілерімен бірлесіп, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы және «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында профилактикалық рейд өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Рейд барысында тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру жүргізіліп, қоғамдық орындарда тазалықты сақтау, санитариялық нормаларды орындау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау жөнінде жадынамалар таратылды.

Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталғанын атап өтті.
Еске сала кетейік, қоғамдық тәртіпті сақтау, абаттандыру қағидаларын сақтау және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған профилактикалық рейдтер елорданың барлық алты ауданында тұрақты негізде өткізіледі.

Еске сала кетсек, Астанада түнгі тыныштықты бұзғандар жауапқа тартылды.