Header Banner

Зерендіде 200 жер телімі ұзақ уақыт бойы мемлекет меншігіне тіркелмей келген

Зерендіде 200 жер телімі ұзақ уақыт бойы мемлекет меншігіне тіркелмей келген
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Зеренді ауданының прокуратурасы сот шешімдері бойынша коммуналдық меншікке өтуге тиіс мүлік уақтылы рәсімделмегенін анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Прокуратураның мәліметінше, 200 жер телімі мен 96 жылжымайтын мүлік объектісі ұзақ уақыт бойы мемлекет меншігіне тіркелмеген, сондай-ақ жер телімдері уақтылы мемлекеттік жер қорына енгізілмеген.

Сонымен қатар, тәркіленген мүлікті тиісінше рәсімдемеу фактісі анықталды.

«Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 8 қаңтардағы үкімімен жеке тұрғын үй және жер учаскесі мемлекет кірісіне өндірілген. Алайда екі жылдан астам уақыт бойы аталған мүлік коммуналдық меншікке рәсімделмеген. Бұл ретте құқық иеленушілер ретінде бұрынғы тұлғалар, оның ішінде сотталған адамның әпкесі тіркеліп тұрған», делінген хабарламада.

Зеренді ауданы прокуратурасының араласуынан кейін ғана аталған кемшіліктер жойылды. Нәтижесінде 200 жер телімі мен 96 жылжымайтын мүлік құқықтары мемлекетке ауыстырылды.

Ақмола облысы прокуратурасының  мәліметінше, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
 
Еске сала кетсек, Қостанайда пайдаланылмаған 3 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды.