Астаналық оқушылар халықаралық Жәутіков олимпиадасында жеңімпаз атанды

Бүгін, 12:47
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық оқушылар халықаралық Жәутіков олимпиадасында жеңімпаз атанды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Алматы қаласында дәстүрлі Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Аталған зияткерлік додаға Астана қаласынан 25 оқушы қатысып, олардың 14-і жеңімпаз бен жүлдегер атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы ең беделді халықаралық олимпиадада әлемнің түрлі елдерінен келген дарынды оқушылар өзара бақ сынасты.

Нәтижесінде елордалық оқушылар 6 алтын, 3 күміс және 5 қола медаль иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті.

Физика пәні бойынша нәтижелер

Алтын медаль иегерлері:

• Нұргүл Егенбергенова – Nurorda мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

• Ілияс Қазымбек– Spectrum халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;

• Мұхаммедали Жұмаділ – Nurorda мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

• Мерген Сабыров – Nurorda мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы.

Күміс медаль иегерлері:

• Григорий Мальцев – Nurorda мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

• Иван Рудик – «Мирас» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері:

• Даниэль Төлебаев – Nurorda мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;

• Сұлтан Дарханұлы – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.

Математика пәні бойынша

Күміс медаль:

• Сұлтанәлі Алиасқар – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-мнновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.

Информатика пәні бойынша нәтижелер

Алтын медаль иегерлері:

• Алдияр Сейітбай – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

• Максим Цой – Spectrum халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері:

• Абдуррашид Аршинбек – Nurorda мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;

• Әділжан Саламат – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

• Әлфараби Алмас – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.

Айта кетейік, Алматыда 10-15 қаңтар аралығында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Биыл олимпиадаға математика, физика және информатика пәндерінен барлығы 612 оқушы мен 122 команда жетекшісі қатысты. Сайыскерлер әлемнің 16 елінен жиналды. Олардың арасында Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Түркменстан, Индонезия, Үндістан және Өзбекстаннан келген оқушылар бар.

Бұған дейін павлодарлық 13 жастағы программист республикалық олимпиаданың ең жас жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.