09.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астаналық батутшылар әлемдік турнирде бірнеше медаль жеңіп алды

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астаналық батутшылар әлемдік турнирде бірнеше медаль жеңіп алды

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Өзбекстанда өткен Beyond the Sky халықаралық турнирінде Қазақстан намысын қорғаған астаналық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, батутта секіруден Евгения Чернышова күміс медаль иеленсе, синхронды секіруден Аружан Уәлихан, Варвара Шарапова және Платон Холмецкий қола жүлдегер атанды.

«Біздің спортшылар халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатып, мықты қарсыластар арасында жоғары нәтижеге қол жеткізді. Кейбір спортшылар үшін бұл – халықаралық деңгейдегі алғашқы жарыс. Енді жастар арасындағы әлем чемпионатына дайындалып, үлкен жетістіктерге жету үшін бар күшімізді саламыз», – деді №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің батуттық гимнастика бөлімінің аға жаттықтырушысы Елдар Жеңісханов.

Аталған жарысқа Әзербайжан, Польша, Өзбекстан, Ресей және Қазақстан елдерінен 148 спортшы қатысып, үздіктер іріктелді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗