Астанадан Құлжаға тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін
Астана халықаралық әуежайында әуежай басшылығы мен Қытайдың Urumqi Air әуекомпаниясының өкілдері арасында жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы жаңа халықаралық әуе қатынасын дамыту перспективалары талқыланды.
«Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі – Астана мен Құлжа қалалары арасындағы тұрақтыәуе қатынасын іске қосу мәселесі болды. Алдынала жоспар бойынша рейстерді биылғы қыркүйек айынан бастап аптасына 2–3 рет орындау көзделіп отыр», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, әуе компаниясының өкілдері Астана халықаралық әуежайын Еуропа бағытындағы рейстер үшін транзиттік авиациялық хаб ретінде пайдалану мүмкіндігіне қызығушылық танытты.
Тараптар халықаралық бағыттар желісін кеңейту әлеуетін, ынтымақтастықтың негізгі шарттарын және халықаралық әуе қатынасын одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Кездесу барысында жаңа бағытта пайдаланылуы жоспарланған әуе кемесіне де ерекше назар аударылды. Әңгіме Қытайда өндірілген заманауи өңірлік жолаушылар ұшағы – Comac C909 Boeing туралы болып отыр. Рейстер іске қосылған жағдайда, бұл әуе кемесі алғаш рет Астана халықаралық әуежайына тұрақты рейстер орындайтын болады.
Еск есалсақ, Түркияның SunExpress әуе компаниясы Қазақстанға рейстер ашады.