Референдум-2026

Астанадағы пәтер өрті кезінде төрт адам құтқарылды

Бүгін, 09:15
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанадағы пәтер өрті кезінде төрт адам құтқарылды
видео скрині/ТЖД

Бүгін таңертең Астананың Сарыарқа ауданындағы Ш. Қосшығұлұлы көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде үшінші қабаттағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Өрт салдарынан жалпы аумағы 20 шаршы метрді құрайтын бөлмеде үй жиһаздары мен тұрмыстық заттар жанған.

«Тілсіз жауды ауыздықтау барысында ТЖМ құтқарушылары көршілес пәтерлерден төрт тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Құтқару жұмыстары кезінде арнайы құтқару маскалары пайдаланылды», - делінген хабарламада.

Өрт толығымен сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.