Астанада жалпыұлттық коалиция өкілдері  медицина қызметкерлерімен кездесті

Бүгін, 16:15
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астанада жалпыұлттық коалиция өкілдері  медицина қызметкерлерімен кездесті
Фото: Жалпыұлттық коалицияның қалалық штабы

Жалпыұлттық коалиция өкілдері  «Салауатты Астана» ЖШС ұжымымен кездесіп, медициналық қызметкерлерге ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары егжей-тегжейлі түсіндіріліп, заңдық өзгерістердің қоғамға және медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметіне әсері туралы айтылды. Әсіресе азаматтардың құқықтары, мемлекеттік басқарудың тиімділігі және реформалардың денсаулық сақтау саласына әкелер жаңалықтары басты назарға алынды.

Іс-шараға Астана қаласы мәслихаты депутаттары Мадина Әжікенова, Мейрамгүл Қабдығалиева, коалиция мүшесі Болатбек Айткей  қатысты.

Еске салайық, бұған дейін жалпыұлттық коалиция өкілдері елордадағы 2-ЖЭО ұжымымен кездескені туралы жаздық.