04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанадағы «Әл-Фаттах» мешіті жанындағы автотұрақ уақытша жабылады

|
Photo: Фото: muftyat.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанадағы «Әл-Фаттах» мешіті жанындағы автотұрақ уақытша жабылады

|
Photo: Фото: muftyat.kz

Бұл туралы Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Әл-Фаттах» мешітінің жанындағы Әйтеке би көшесі жағында орналасқан автотұрақ (М.Нәрікбаев көшесі, 7) 2025 жылдың 31 қаңтарынан бастап әр жұма сайын сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін уақытша жабылады», - делінген хабарламада.

Шектеу осы учаскенің көрсетілген аралықта жүктеменің жоғары болуына байланысты енгізіледі және қозғалыстың барлық қатысушысы үшін қауіпсіздік пен ыңғайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Ал балама нұсқа ретінде Green Garden (Баян сұлу көшесі тұсы), Eva (Баян сұлу және М. Нәрікбаев көшелерінің бойында), Ерке (М.Нәрікбаев және Әйтеке би көшелерінің бойында), Аркада (Әйтеке би көшесінің бойында) тұрғын үй кешендерінің жанында орналасқан тұрақтарды пайдалануға болады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗