Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері Астанада үш қабатты ғимараттан шыққан өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Осы сәтте ТЖМ өрт сөндірушілері Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы Ықылас Дүкенұлы көшесінде орналасқан 3 қабатты ғимараттың өртін сөндіріп жатыр.
Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежеде жұмыс істеп жатыр.
Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ», - делінген хабарламада.

Өрт сөндіру оқпандары енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.
Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды, өртті сөндіруге 100 адам жеке құрам мен 24 техника жұмылдырылды.