Астанада тұрғындардың тыныштығын сақтау шаралары күшейтілді
Астанада тыныштықты бұзу фактілерінің алдын алу және тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарына қарамастан, азаматтар айналасындағылардың тыныштығын бұзуды жалғастыруда. Жыл басынан бері Астанада тыныштықты бұзудың 30 мыңға жуық фактісі тіркелген. 100-ден астам жағдайда құқық бұзушылық салюттер мен басқа да пиротехникалық бұйымдарды іске қосумен байланысты болған. Барлық құқық бұзушылар анықталып, жауапқа тартылды.
Жұмыс күндерінің бір түнінде ғана полицияға тұрғын үйлердің аулаларында салют атылғаны туралы бес хабарлама келіп түскен. Барлық жағдайда пиротехникалық бұйымдарды пайдаланумен қатар туған күнді атап өту себеп болған. Тұрғындардың айтуынша, қатты жарылыстар балаларды қорқытып, қарт адамдардың мазасын алған.
Барлық факті бойынша полиция қызметкерлері құқық бұзушыларды анықтады.
Полиция салюттерді тұрғын үйлердің аулаларында іске қосу азаматтардың тыныштығын бұзу ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздікке төнетін нақты қауіп екенін еске салады. Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану адамдардың жарақат алуына, мүліктің бүлінуіне және өрттің шығуына әкелуі мүмкін.
Полиция елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, айналасындағылардың демалуға деген құқығын құрметтеуге және тұрғын үй алаптарында пиротехникалық бұйымдарды іске қосудан бас тартуға шақырады.
Еске сала кетейік, елордада қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша рейдтер жүріп жатыр.