Астанада тұраққа қою қағидасын бұзған 53 көлік айып тұрағына жеткізілді

Астанада тұраққа қою қағидасын бұзған 53 көлік айып тұрағына жеткізілді
Фото: Астана қаласы Полиция департаменті

Елордада полиция көлігін тротуарға, балалардың ойын алаңына, жолдың жүру бөлігінде қойып кеткендерді жауапкершілікке тартты. 53 көлік айып тұрағына жеткізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қалада «Тұрақ» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындыланды. Полиция жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1 500-ден астам дерегін анықтады. Оның ішінде ең көбі жол белгісі мен таңбасын сақтамауға қатысты - 685 дерек, сондай-ақ тоқтау және тұраққа қою қағидасын бұзуға қатысты 700-ден астам жағдай тіркелді.

Атап айтқанда, көлікті тротуарда, балалар және спорт алаңында, сондай-ақ жолдың жүру бөлігінде қою фактісі анықталды. 53 көлік коммуналдық тұраққа қойылды, ал 922 көлікті пайдалануға тыйым салу үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі шешіп алынды.

Іс-шара кезінде көлікті дұрыс қоймау, яғни қозғалысқа және жаяу жүргіншіге кедергі келтіруге назар аударылды. Сонымен қатар, жол белгісі мен таңбасын сақтамау, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелінен өту кезіндегі бұзушылықтар да қамтылды.

Еске сала кетсек, Алматыда 250 км/сағ жылдамдықпен түнгі жарысқа қатысқан көлік жүргізушісі ұсталды.