Астанада Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі уақытша жабылды
2 ақпан, 2026
Фото: Оңалхан Өнерхан
Тәуелсіздік даңғылының көпірден кейінгі және Ш.Қалдаяқов көшесіне дейінгі аралығы уақытша жабылды , деп хабарлайды Elordainfo.kz «Сарайшық» ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына байланысты Тәуелсіздік даңғылы бойында қозғалыс 1-2 тәулікке жабылады.
«Көліктер Ш.Қалдаяқов көшесінен И.Панфилов көшесіне дейінгі учаскеде бір бағытта ал, Ш.Қалдаяқов көшесіндегі оңға бұрылатын қосымша жол арқылы Тәуелсіздік даңғылына өте алады», делінген хабарламада.
Еске салсақ, Астанада №84 бағдарға қосымша автобустар қосылатынын хабарладық.
Ұқсас жаңалықтар