Референдум-2026

Астанада «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Бүгін, 16:15
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының аумағында 23-25 шілде аралығында республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, көшелер мен қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін күшейту.

«Жедел-профилактикалық іс-шара барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтардың алдын алу, іздеуде жүрген адамдарды анықтау, заңсыз көші-қон деректерін анықтау, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау, сондай-ақ қоғамдық орындардағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстар жүргізеді», - делінген хабарламада.

Астана қаласының Полиция департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын заң талаптарын қатаң сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына құрметпен қарауға шақырады.

Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның басты кепілі.

Еске сала кетейік, Астанада бөтен көлікті соғып, қашып кеткен жүргізуші бір айға қамалды.