Референдум-2026

Астанада бөтен көлікті соғып, қашып кеткен жүргізуші бір айға қамалды

Бүгін, 10:31
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада бөтен көлікті соғып, қашып кеткен жүргізуші бір айға қамалды
Фото: видеодан скрин/police_astana

Астанада жүргізуші жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін 30 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Елордада Сарайшық көшесі, 7/1 үйдің маңында көлік құралын басқару құқығы жоқ жүргізуші Chevrolet Cobalt автокөлігін кері бағытта жүргізу кезінде жол жиегінде тұрған BYD Han автокөлігіне соқтығысып, оқиға орнынан кетіп қалған.

«Жүргізуші анықталып, ұсталды.

Сот шешімімен оған 30 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды», - делінген хабарламада.

Астана қаласының Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу заңнама талаптарын бұзу болып саналатынын және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.