«Нұра» ауданы прокуратурасының бастамасымен Астана қаласының Еңбек мобильділігі орталығы және пробация қызметімен бірлесіп тәуекел деңгейі жоғары топқа жататын азаматтармен профилактикалық кездесу өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу, оларды жұмыспен қамтуға көмек көрсету, құқықтық сауаттылығын арттыру және қайталанатын құқық бұзушылықтардың алдын алу болды.
Кездесу барысында қатысушыларға жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары, кәсіптік оқыту мүмкіндіктері, сондай-ақ әлеуметтік және өзге де мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндірілді. Әлеуметтік оңалту және заңға бағынушылық мінез-құлықты қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Нұра» ауданының прокуратурасы құқық бұзушылықтардың профилактикасына, қайталама қылмыс деңгейін төмендетуге және азаматтардың қоғамға әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесуге бағытталған іс-шараларды жүйелі негізде іске асыруды жалғастыруда.
Астанада пробация есебіндегі азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды
30 маусым, 2026
Фото: Астана қалалық прокуратурасы видеосының скрині
Ұқсас жаңалықтар
6 қазан, 2026
Мемлекеттік сатып алу жүйесі жаңарады: 2027 жылы не өзгереді
6 қазан, 2026
Атырауда 6,5 мың жер пайдаланушының құқығы қорғалды
6 қазан, 2026
Астанада автосалон директоры 128 млн теңгеден астам шығын келтіргені үшін сотталды
6 қазан, 2026
Семейде домофон мен камераны сындырған тұрғын 20 тәулікке қамалды