Астанада өтетін «Болашақ ойындары 2026» турнирінің кестесі жарияланды
Астанада өтетін «Болашақ ойындары 2026» турнирінің кестесі жарияланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм жəне спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Жарыс Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Латын Америкасының 35 елінен мыңға жуық спортшының басын біріктіреді. Шет мемлекеттердің басшылары, халықаралық спорт ұйымдарының басшылығы және цифрлық индустрияның ірі көшбасшы компаниялары салтанатты ашылу рәсіміне қатысатындарын растады.
«Болашақ ойындары-2026» (Games of the Future 2026) – дәстүрлі спорт пен цифрлық сайыстарды біріктіретін жаңа буынның фиджитал-турнирі. Жарыстар 4 алаңда өтеді, олар: «Барыс Арена» көпфункционалды мұз сарайы, «QAZAQSTAN» жеңіл атлетикалық спорт кешені, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы және Beeline Arena ұлттық теннис орталығы.
Турнирге қатысушылар 8 сайыс бойынша өнер көрсетеді, олар: фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, фиджитал-атқыштар, фиджитал-жекпе-жек, фиджитал-би, Battle Royale, сондай-ақ дербес компьютерлер мен мобильді құрылғылардағы MOBA (Multiplayer Online Battle Arena). Турнирдің жалпы жүлде қоры $4 млн-нан асады. Қазақстан атынан «Болашақ ойындары-2026» турниріндегі барлық 8 сайыс бойынша 11 команда өнер көрсетеді.
Еске сала кетсек, PUBG-дің әлемдік жұлдыздары алғаш рет Қазақстанға келеді.