Астанада Н. Тілендиев даңғылы ішінара жабылады

Бүгін, 09:12
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астанада Н. Тілендиев даңғылы ішінара жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 9-20 маусым аралығында Н. Тілендиев даңғылының Сарыарқа даңғылынан Баршын көшесіне дейінгі аралығында жолдың жоғарғы қабатын салу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап. 

Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.