Астанада мыңнан астам банк қызметкері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Астанада мыңнан астам банк қызметкері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
Фото: Астана әкімдігі

Астанада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Нұра-Есіл каналының жағалауында қаржы секторы өкілдерінің қатысуымен ауқымды сенбілік өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Экологиялық акцияға Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктердің қызметкерлері қатысып, жалпы саны мыңға жуық адамды қамтыды.

Қатысушылар Ұлы Дала даңғылы бойындағы аумақты тазалап, қоқыс жинады, санитарлық жұмыс жүргізді.

Сондай-ақ ағаш отырғызуға арналған алаңдарды дайындап, абаттандыру жұмысын атқарды.

«Бұл акция арқылы көктемгі сенбіліктерге бастау беріп, табиғатқа жанашырлық әр азаматтың міндеті екенін көрсеткіміз келеді. Бүгінгі мақсат – тұрғындар арасында тазалыққа деген жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру», – деді «Даму» қоры Астана филиалы директорының орынбасары Айбек Кәрімов.

Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі Ұлттық банктің бастамасымен «Таза Қазақстан» жалауын басқа қаржы ұйымдарына табыстауы болды.

«Бұл – ұйымдардың бірлігі мен еліміздің экологиясы үшін ортақ жауапкершіліктің белгісі», – деді Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуандық Құрмашев.

Бұған дейін елордада ауқымды экологиялық айлық басталғанын жазғанбыз